Қаржы полициясы парақорға қатысты қылмыстық іс қозғады

ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Қаржы полиция департаментінің қызметкерлері «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» ММ-нің Жамбыл облысы бойынша филиалының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады.
None
None

Жамбыл облысы бойынша ЭСЖКД баспасөз қызметі хабарлағандай, ол ағымдағы жылдың 2 тамызы және 2 қыркүйегінде бірнеше рет Жамбыл облыстық Қаржы полициясы департаменті бөлімінің бастығына жалпы қамқоршылық және қызметі бойынша қолдауы үшін жалпы сомасы 6 000 АҚШ долларын пара ретінде берген.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде айыпталушы сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, өзге ақпарат тергеу мүддесін қорғау үшін таратылмайды.

Соңғы жаңалықтар