Қаржы полициясы Павлодар облысының қазынашылық департаменті қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы қазынашылық департаменті бастығының орынбасары мен осы мекеменің екі бөлім басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды,
None
None

деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын қымқырғандары үшін айыпталып отыр. Тергеу анықтағандай, күдіктілер іс жүзінде қазынашылықта жұмыс істемейтін жалған тұлғалардың (туған-туыстарының) банк карточкаларына жалақы аударып отырған. Қаражат жалақы қорындағы ақша қаражаттарын, мекеме қызметкерлерінің салықтық, зейнетақылық және басқа да аударымдарын үнемдеудің есебінен ұрланып отырған.

2001 жылдың қаңтар айы мен 2010 жылдың ақпан айының аралығында қымқырылған ақшаның сомасы 262 миллион теңгені құраған.

Бөлім басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды, ал қалған екі күдіктіден ешжаққа кетпеу туралы қолхат алынды. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мемлекетке келтірілген шығынның барлық сомасын анықтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар