19:04, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Қаржыландырудың дұрыс жолға қойылғанына қарамастан «ОблШығысЖол» кәсіпорны жолдарды жөндеу жұмыстарын игере алмай отыр және көзбояушылықпен айналысуда ? ШҚО әкімі
СЕМЕЙ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілік, өзіне алған міндеттемелерді дәл және сапалы атқару кез келген кәсіпорын жұмыстары тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады.
Алайда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың пікірінше, мұны барлығы бірдей түсіне бермейді. Облыс басшысы Семейдегі және одан тыс жерлердегі жөнделіп жатқан жол учаскелерін аралап шыққанда, осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аймақ басшысы өткен жылы құрылған «ОблШығысЖол» кәсіпорнының жұмысын «көзбояушылық», «көзжұмбайлық» деп және бірқатар жағымсыз сипаттамалармен бағалады. Әуежайға дейінгі автожол учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жолдардың жиектемелері жоқ жерлер бар болғаны сапасы күмәнді цементпен сыланған. Көгалдарға қара топырақ әкеп төсеудің орнына, оларға сабан араластырылған мал қиын болмашы ғана себелей салған.«ОблШығысЖол» кәсіпорны қызмет көрсететін жолдардың ұзындығы 2 247 шақырымды құрайды. Алайда қаржыландырудың бөлінгеніне қарамастан кәсіпорын өз міндетін атқара алмай отыр. «ОблШығысЖол» кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру және арттыру үшін 400 миллион теңге бөлінді. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге, ұстауға және көгалдандыруға арналып 434,3 миллион теңге бағытталды. Жол картасын іске асыру аясында 224,6 миллион теңге бөлінді. «Алтай-Чапаев» жолдарын орташа жөндеу үшін 346 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде ақша көп бөлініп отыр, ал қорытындысы ойдағыдай емес.Облыс әкімі тарапынан жасалған көптеген ескертпелерге қарамастан «ОблШығысЖол» басшылары тиісті қорытынды жасаған жоқ. «Шамасы бұл жұмысты басқа біреулердің жасауына тура келетін шығар», ? деді Бердібек Сапарбаев.