Қаржылық пирамида құрып, 83 млн теңге жымқырды деп айыпталған Атырау тұрғыны ақталып шықты
«Келесі аптада облыстық сот баспасөз конференциясын өткізіп, онда журналистердің осы іске қатысты барлық сұрақтарына жауап береді», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай Ғалиев одан ақтау үкімі туралы сұрау барысында.
Еске сала кетейік, Ж. Қанахметов 2014 жылы "Playtcoin", ЖШС құрып, банктік операциялар жасауға ешқандай рұқсаты болмаса да, қала тұрғындарынан ақша алған. барлық зардап шегушілерге компания салған қаржысынан ай сайын 30 пайыз көлемінде сыйақы алып отырады деп сендірген.
Тергеу барысында мәлім болғандай, ЖШС салымшылары мың адамнан асқан, олар «қаржылық пирамидаға» 83 млн теңгеден астам қаржы құйған. Олардың 134-і сотқа арызданып, ақшасын қайтарып беруді және ЖС басшысын соттауды сұраған.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау» бабы бойынша қозғалған болатын.