«Қаржылық пирамидалардың» алдын алу үшін жұртшылықтың қаржылық сауатын арттыру қажет - Ш. Жүсіпов

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Қаржылық пирамидалардың» алдын алу үшін жұртшылықтың қаржылық сауатын арттыру қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстанның микроқаржы ұйымдарын дамытудың нақты жағдайы мен перспективалары» атты тақырыпта өткен жиында Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар Жүсіпов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрбір мемлекетте микрокредиттік ұйымдардың атқаратын қызметі әртүрлі - кедей мемлекеттерде бұндай ұйым кедейлікпен күреседі, дамушы мемлекеттерде кредиттік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары жүзеге асады. Сондықтан да, Қазақстанда микрокредиттік ұйымдар арқылы шағын және орта бизнес үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Банктер шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ауқымын толық қамти алмай отырғандықтан микрокредиттік ұйымдардың бұндай қызметін заң арқылы шектеуге болмайды», деді Ш. Жүсіпов.

Сонымен бірге, ол «қаржылық пирамидалар» әрекетіне тоқтала келе, бұның алдын алуда жұртшылықтың қаржылық сауатын арттыру қажеттігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар