KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 145,48/145,5 теңге

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT),
None
None

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Саудаға KASE-нің 15 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,48 теңгені, ал сауда көлемі - 31 400 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,50 теңгені, ал сауда көлемі - 30 000 мың АҚШ долларын құрады.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар