17:12, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 145,56 теңге
АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,56 теңгені, ал сауда көлемі 24 900 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.