KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 147,19 теңге, еуро - 201,01 теңге

АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды. Саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,19 теңгені, ал сауда көлемі - 40 500 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,05 теңгені, ал сауда көлемі - 10 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 теңге есебімен еурода орташа бағам 201,01 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың еуроны құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессия жабылар кезде мәміле жасалған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.