KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 147,82 теңге, еуро - 200,59 теңге

МАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Саудаға KASE-нің 15 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,82 теңгені, ал сауда көлемі - 26 900 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 теңге есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында сұраныс бағамы АҚШ доллары үшін 147,16 теңгені құрады, ұсыныс - 148/32 теңге болды.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен орташа бағам 200,59 теңге, сауда көлемі 18 000 мың еуроны құрады.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар