17:56, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: доллар - 151,09 теңге
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасында (KASE) Т+2 есебімен теңгеде (USDKZT_SPT), АҚШ доллары бойынша, Т+2 есебімен теңгеде еуро бойынша (EURKZT_SPT), Т+2 есебімен АҚШ долларында еуро бойынша (EURUSD_SPT).кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Бүгінгі саудаға KASE валюталық нарығының 10 мүшесі қатысты, деп хабарлады қор биржасының баспасөз қызметі.
Т+2 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 151,09 теңгені, сауда көлемі 42 500 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 есебімен теңгеде және АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болмады.