19:42, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: доллар - 151,20 теңге
АЛМАТЫ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасында (KASE) Т+1 есебімен теңгеде (USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, Т+1 есебімен теңгеде еуро бойынша EURKZT_TOM), Т+1 есебімен АҚШ долларында еуро бойынша (EURUSD_TOM) кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Бүгінгі саудаға KASE валюталық нарығының 16 мүшесі қатысты, деп хабабарлады қор биржасының баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 151,20 теңгені, сауда көлемі 20 600 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 есебімен теңгеде және АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болмады.