18:03, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 146,82/146,75 теңге
АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 146,82 теңгені құрап, сауда көлемі 11 400 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 146,75 теңгені құрап, сауда көлемі 3 000 мың АҚШ доллары болды.
Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.