KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 147,09 теңге

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,09 теңгені құрап, сауда көлемі 45 900 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі бір АҚШ доллары үшін 146,70/147,15 теңге болды.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар