KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 147,41 теңге
деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,41 теңгені құрап, сауда көлемі 5 500 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+1 есептерімен еуро бойынша орташа бағам АҚШ долларымен бір еуро үшін 1,3499 АҚШ долларын құрады, сауда көлемі - 1 000 мың еуро болды.
Т+1 есебімен еуро бойынша теңгемен және Т+2 есебімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болмады.