KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 147,47 теңге

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 8 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) бойынша жасалды.

USDKZT_SPT, EURKZT_SPT және EURUSD_SPT бойынша сауда KASE-де Қазақстанда шілденің 6-сы мерекелі күн болуына (Астана күні) және демалыс күнінің шілденің 3-індегі сенбіден шілденің 5-іне, дүйсенбіге ауыстырылуына байланысты өткізілген жоқ.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,47 теңгені құрап, сауда көлемі 30 000 мың АҚШ доллары болды.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар