KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,33 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_TOM),
None
None

еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен, доллар бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT) және АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 10 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,33 теңге, сауда көлемі 11 500 мың АҚШ доллары болды.

Доллар бойынша T+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде сұраным бір доллар үшін 147, 79 теңгені құрады, ұсынымдар болған жоқ.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер дәл осындай себеппен жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар