18:20, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,40 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Сәрсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 11 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,40 теңге, сауда көлемі 2 500 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен және мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.