19:39, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 50 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Жұма күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,50 теңге, сауда көлемі 59 000 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.