18:24, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,62 теңге
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 (USD_TOD) және T+2 (USD_SPT) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен кешкі сауда өтті. Бүгінгі саудаға KASE-нің 13 мүшесі қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша сауда жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есебімен АҚШ доллары бойынша, сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+1 есептері бойынша еуромен де мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,60/148,90 теңгені құрады.