18:33, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,10/150,12 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен,

(EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 11 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,12 теңге, сауда көлемі 7 900 мың АҚш доллар болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,10, сауда көлемі 57 000 мың АҚШ доллар болды.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.