18:51, 16 Қазан 2012 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 150,66/150,67 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының Т+1 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,66 теңгені, сауда көлемі - 38 700 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ долларының Т+2 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,67 теңгені, сауда көлемі - 12 000 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.