17:38, 13 Қараша 2012 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,79 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,79 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың АҚШ долларын құрады.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында бір АҚШ доллары үшін сұраным 150,70 теңгені, ұсыныс - 150,86 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.