KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,81 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TОМ),  АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
None
None

Бүгін KASE-де USDKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша сауда АҚШ-та 12 қараша - Ардагерлер күні мерекесіне байланысты өткізілмеді. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен орташа бағамы 1 доллар үшін 150,81 теңгені, сауда көлемі 22 200 мың АҚШ долларын құрады.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар