KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ долларының бағамы 147,29 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 30 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,29 теңгені құрап, сауда көлемі 138 600 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 147,29 теңгені құрап, сессия көлемі 300 000 мың АҚШ долларына жетті.

Т+1 есебімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есебімен АҚШ доллары бойынша еуроның орташа бағамы 1,2899 доллар/еуроны, ал сауда көлемі 800 мыі еуроны құрады.

Т+2 есебімен еуро бойынша теңгемен мәміле жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар