18:33, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ долларының бағамы 147,37 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM); еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM); еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT); еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT); Т+2 есептерімен доллармен США (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Саудаға KASE-нің «В» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,37 теңгені құрап, сауда көлемі 7 100 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 147,37 теңгені құрап, сессия көлемі 125 000 мың АҚШ долларына жетті.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есебімен еуро бойынша АҚШ долларымен және теңгемен мәміле жасалған жоқ.