KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ долларының бағамы 147,47 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы: АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM) және Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) және Т+2 есептерімен доллармен США (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,47 теңгені құрап, сауда көлемі 105 500 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 147,46 теңгені құрап, сессия көлемі 100 000 мың АҚШ долларына жетті.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есебімен еуро бойынша АҚШ долларымен және теңгемен мәміле жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар