KASE кешкі сессиясының қорытындысы: доллар США - 148,48 теңге

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні, желтоқсанның 23-інде кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған   KASE-нің «В» санатындағы 9 мүшесі қатысты,
None
None

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),   еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), жасалды.

Бүгін KASE-де USDKZT_SPT, EURKZT_SPT и EURUSD_SPT бойынша сауда АҚШ-та және Еуроодақ елдерінде мерекелі күн болуына байланысты өткізілген жоқ.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 148,48 теңгені құрап, сауда көлемі 8 600 мың АҚШ доллары болды.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т+1 есептерімен еуро бойынша АҚШ доллары бойынша сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,46/148,56 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар