KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары - 151,24/151,25 теңге

АЛМАТЫ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),
None
None

еуро Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы аяқталды.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болып табылады. Спот-нарықтағы саудаға KASE валюталық нарығының 20 мүшесі, своп-нарықтың 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 151,25 теңгені құраған бағамымен 37 100 мың АҚШ доллары көлемінде жасалды. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға белгіленімі - бір АҚШ долларына 151,24/151,25 теңгені құрады.

Еуро спот-нарығында: еуро бойынша Т+0 есебімен теңгеде мәміле жасалған жоқ, сауда жүйесінде сессия жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда жүйесіндегі сессия жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.

Валюталық своп операцияларының нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа баға +0,01 теңгені құрады, сауда көлемі 101 000 мың USD; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ; KASE сауда жүйесіндегі сессия жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ,.

Еске сала кететйік, 2013 жылғы 02, 03 және 04 мамыр күндері Ресей Федерациясындағы мерекелі күндерге байланысты KASE-де Т+1 есебімен теңгеде (RUBKZT_TOD) Ресей рублімен сауда жүргізілмейді.

Соңғы жаңалықтар