KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 307,21 теңге

26 қараша АҚШ-та мереке күні (День благодарения) болуына байланысты USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілген жоқ.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOМ) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,21 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 28 200 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+0, T+1 және T+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6851 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 65 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,21 теңгені (-0,13) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 31 700 мың USD (-97 500 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным бір АҚШ доларына +0,1500 теңгені құрады, сұраным болған жоқ;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 18 банк қатысты.