KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 336,34 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 336,34 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 77 450 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным болмағандықтан, ұсыным 344,83 теңгені құрады;

- есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0411 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 336,37 теңгені (+1,36 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 159 600 мың USD (-9 450 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,0524 % сауда-саттық көлемі 194 500 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +12,9017 %, сауда-саттық көлемі 51 900 мың USD құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар