KASE күндізгі сессиясы: доллар - 151,02/151,06 теңгені, еуро 198,45 теңгені құрады

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 23 мүшесі, своп-нарыққа - 14 қатысты.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 151,03 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі 42 000 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері - бір АҚШ долларына 151,02/151,06 теңгені құрады.
Еуро спот-нарығында:
- есептесуі Т+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы 198,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 200 мың еуро болды.
- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,02 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 170 000 мың USD болды;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Ресей Федерациясында 2013 жылдың 02, 03 және 04 мамыры мерекелік күндер болуы байланысты, есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) сауда-саттығы биржада өткізілмейді.