KASE күндізгі сессиясы: доллар - 151,16/151,18 теңге, рубль 4,8513 теңгені құрады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 есебімен теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), Т+0 есебімен теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD),
None
None

Т+0 есебімен АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD), Т+0 есебімен теңгемен рубль бойынша (RUBKZT_TOD), валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. АҚШ долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 21 мүшесі, своп-нарыққа - 11 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 151,16 теңгені, сауда көлемі 94 200 мың АҚШ долларын құрады. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі бір АҚШ доллары үшін 151,16/151,18 теңгені құрады.

Еуро спот-нарығында:

- Т+0 есебімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі жасалған жоқ.

- Т+О есептерімен еуро бойынша АҚШ долларында мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі жасалған жоқ.

Т+0 есебімен теңгемен Ресей рублі бойынша орташа сараланған бағам бір Ресей рубліне 4,8513 теңгені, сауда көлемі 25 500 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша сессия жабылу сәтінде орташа баға +0,03 теңгені, сауда көлемі 183 000 мың USD; USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған баға +0,05 теңгені, сауда көлемі 165 000 USD-ты құрады. EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар