KASE күндізгі сессиясы: доллар 151,29/151,27 теңгені, еуро 197,70 теңгені, рубль 4,8620 теңгені құрады

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 20 мүшесі, своп-нарыққа - 10 қатысты.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 151,26 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі 91 800 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері - бір АҚШ долларына 151,26/151,27 теңгені құрады.
Еуро спот-нарығында есептесуі Т+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағасы бір еуроға 197,70 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 200 мың еуро болды; есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,8620 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 8 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сұраным бағасы + 0,01 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 37 000 мың USD болды;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,02 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 122 000 мың USD болды;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.