KASE күндізгі сессиясы: доллар 151,85/151,87 теңгені, рубль 4,6287 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD), есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD), валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 19 мүшесі, своп-нарыққа - 10 қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 151,87 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі 100000 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері - бір АҚШ долларына 151,85/151,87 теңгені құрады.

Еуро спот-нарығында:

- есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 198,60 теңгені, ал сауда-саттық құрамы 200 мың еуроны құрады.

- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6287 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 14 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сұраным бағасы + 0,01 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 30 500 мың USD болды;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,02 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 258 500 мың USD болды;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар