KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,23/145,24 теңге, рубль - 5,2046 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары ГФР мен Ұлыбританияда 22 сәуір (Ынтық жұма) мен 25 сәуір демалыс күні болғандықтан жүргізілген жоқ.
Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,24 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 347 250 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,23/145,24 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2046 теңгені, сауда көлемі 19 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 9 000 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 245 000 мың АҚШ долларын құрады.