KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,37/145,40 теңге, рубль - 5,1946 теңге

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Т+0 есебімен Ресей рублі бойынша теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары ГФР мен Ұлыбританияда 22 сәуір (Ынтық жұма) мен 25 сәуір демалыс күні болғандықтан жүргізілген жоқ.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,40 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 68 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,37/145,40 теңге болды.

- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1946 теңгені, сауда көлемі 34 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 88 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 54 000 мың АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар