KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,40/145,44 теңге, рубль - 5,2053 теңге

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, Т+0 есебімен Ресей рублі бойынша теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін EURKZT_TOD және EURUSD_TOD инструменттерімен EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары ГФР мен Ұлыбританияда 25 сәуір Пасха күні болып, демалыс күні болғандықтан жүргізілген жоқ.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі, своп-нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,41 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 94 750 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,40/145,44 теңге болды.

- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2053 теңгені, сауда көлемі 20 900 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 110 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 42 000 мың АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум