KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,41/145,44 теңге, рубль - 5,1729 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары 22 сәуір ГФР мен Ұлыбританияда демалыс күні (Ынтық жұма) болғандықтан жүргізілген жоқ.
Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,42 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 102 300 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,41/145,44 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1729 теңгені, сауда көлемі 6 300 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 2 000 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 68 000 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.