KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,50/145,53 теңге, еуро - 213,95 теңге, рубль - 5,2467 теңге

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,51 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 28 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,50/146,53 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сұраныстың жоқтығынан еуро үшін баға белгіленімі 213,95 теңгені құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2467 теңгені, сауда көлемі 9 300 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 5 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 160 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар