KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,54/145,55 теңге, еуро - 216,40 теңге, рубль - 5,2966 теңге

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,55 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 128 650 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,54/146,55 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның теңгемен баға белгіленімі 216,40 теңгені, сауда көлемі 200 мың еуроны құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2966 теңгені, сауда көлемі 19 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 7 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 55 500 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар