KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 29/148, 31 теңгені құрады
еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі, своп нарықта - 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,28 теңге, сауда көлемі 47 950 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,29/148,31 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта:
- Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 47 000 мың АҚШ долларын құрады. USDKZT_0_002, EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясындағы мерекелік күндерге байланысты 2012 жылдың 4-6 және 9 қаңтар күндері Ресей рублі бойынша T+0 есептерімен теңгемен (RUBKZT_TOD) KASE-де сауда жүргізілмейді.