KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,56/148,58 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,  (EURKZT_TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,58 теңге, сауда көлемі 40 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148, 56/148,58 теңгені құрады. 

Еуро спот-нарықта:

 - Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы  +0,01 теңгені, сауда көлемі 76 000  мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы  +0,01 теңгені, сауда 5000  мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясындағы мерекелік күндерге байланысты 2012 жылдың 4-6 және 9 қаңтар күндері Ресей рублі бойынша T+0 есептерімен теңгемен (RUBKZT_TOD) KASE-де сауда жүргізілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар