KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,26/150,27 теңгені, рубль - 4,7878 теңгені құрады
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін KASE-де USDKZT_0_002 валюталық своп операциясы АҚШ-та 22 қарашадағы мереке - Ризашылық күніне байланысты өткізілмеді. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,26 теңге, сауда көлемі - 64 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,26/150,27 теңгені құрады.
Еуро еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,7878 теңгені, сауда көлемі 84 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 58 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.