KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,39/150,40 теңгені, еуро 197, 45 теңгені, рубль - 4,8916 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002,  EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,40 теңге, сауда көлемі 60 350 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,39/150,40 теңгені құрады.

Еуро еуро бойынша  Т+0  есептерімен  теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 197,45 теңгені, сауда көлемі 350 мың АҚШ долларын құрады; еуро бойынша  Т+0  есептерімен  АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,8916 теңгені, сауда көлемі 8 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 87 000 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,04 теңгені, сауда көлемі 46 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар