KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,67/150,69 теңге, еуро - 226,66 теңге

Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің «В» санатындағы - 21, спот-рыногына 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,68 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 97 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,67/150,69 теңге.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,67/150,70 теңгені құрады.
USD_TOD_TOM бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,01 теңгені құрап, сауда көлемі 33 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,01 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады.
USD_TOD_SPT бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 40 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады.
Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 226,66 теңгені құрады, сауда көлемі 6 700 мың еуро болды.
Т+0 есептерімен Ресей рублі бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.