KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,71/150,73 теңге, еуро - 225,06 теңге

Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің «В» санатындағы - 19, спот-рыногына 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,73 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 46 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,67/150,69 теңге.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,70/150,77 теңгені құрады.
USD_TOD_TOM бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 134 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,02 теңгені құрады.
USD_TOD_SPT бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 40 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады.
USD_TOD_SPT есептерімен мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 225,06 теңгені құрады, сауда көлемі 7 000 мың еуро болды.
Т+0 есептерімен Ресей рублі бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.