KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,79/150, 80 теңге, еуро - 2220,70 теңге

Бұл сессия USD_TOD үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің «В» санатындағы - 20, спот-рыногына 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,80 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 50 360 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,79/150,80 теңге.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,77/150,82 теңгені құрады.
USD_TOD_TOM бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 104 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы 0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы -0,01 теңгені құрады.
USD_TOD_SPT бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 222,70 теңгені құрады, сауда көлемі 6 000 мың еуро болды.
Ресей Федерациясындағы мерекеге байланысты Ресей рублі бойынша мәміле жасалған жоқ.