KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,84 теңге, еуро - 223,29 теңге

Бұл сессия USD_TOD үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің «В» санатындағы - 22, спот-рыногына 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,80 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 66 100 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,81/150,84 теңге.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,81/150,84 теңгені құрады.
USD_TOD_TOM бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 55 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,02 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады.
USD_TOD_SPT бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 223,29 теңгені құрады, сауда көлемі 6 500 мың еуро болды.
Т+0 есептерімен Ресей рублінің орташа бағамы 1 рубль үшін 5,1600 теңгені құрады, сауда көлемі 3 000 мың рубль болды.