KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,86/150,92 теңге, еуро - 222,94 теңге

АЛМАТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, (USD_TOD_TOM, USD_TOD_SPT) валюталық спот операциялары, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None

  Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің «В» санатындағы - 19, спот-рыногына 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,83 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 71 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,86/150,92 теңге.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,78/150,85 теңгені құрады.

USD_TOD_TOM бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам -0,01 теңгені құрап, сауда көлемі 105 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы 0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы -0,02 теңгені құрады.

USD_TOD_SPT бойынша валюталық спот операцияларының рыногында орташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 15 000 мың доллар болды. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бағасы 0,00 теңгені құрап, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады.

Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 222,94 теңгені құрады, сауда көлемі 7 000 мың еуро болды.

Т+0 есептерімен рублдің орташа бағамы 1 рубль үшін 5,1770 тенгені құрады, сауда көлемі 1 000 мың рубль болды.

Соңғы жаңалықтар