KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 146,69/146,72 теңге, рубль - 4,8183 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 3 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,71 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 81 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 146,69/146,72 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8183 теңге, сауда көлемі 26 200 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 10 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге болды, бірақ ұсыныс болған жоқ.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 53 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.